vidosov
Добро пожаловать
Вход / Регистрация

Көктем мерекелеріне дайындық пысықталды

Воспроизведение вашего видео начнется через 10
Простые инвестиции
You can skip to video in 5

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Sorry, only registred users can create playlists.
URL


Добавлено by Admin В Новости спорта
4 Просмотры
Letyshops [lifetime]

Описание

Апта басындағы жедел жоспарлы кеңесте алдағы көктем айларындағы мерекелік күндерге әзірлік мәселелері қаралды. Айтулы мерекелерге дайындық жоспарға сай орындалып отырғандығы жөнінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баян Айтбаева баяндады.

Баян Айтбаева. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

- Мереке қарсаңында барлық мекемелерде салтанатты жиындар, концерттер, көрмелер ұйымдастырылады деп күтілуде. «Арқа аруы», «Керемет келін» сынды байқаулар, қалалық фестиваль өткізу жоспарланған. Қаламыздың әйелдер қауымына арналған салтанатты шара наурыздың 6-сы Горняк ОМС-да өткізіледі. Бұл елеулі шараға барша қала тұрғындарын шақырамыз. – деді бөлім басшысы.

Ал Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мейрамы Баян Айтбаеваның мәлімдеуінше, 21 наурыз күні «Қажымұқан» алаңында өткізілуі жоспарланған. Дәстүрге сай, орталық алаңда ірі кәсіпорындар мен жергілікті ұйымдардың киіз үйлері тігіліп, кең көлемді мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы қолға алынған. Биылғы жылы шамамен 15-ке жақын киіз үйлер бой көтеретін көрінеді. Шақырылған қонақтар мен жергілікті шығармашылық ұйымдардың өнерлері көпшілік назарына ұсынылады. Осы ретте сөз алған қала әкімі Еркебұлан Баяхметов жоспарға сай жұмыстардың сапалы орындалуын жауапты жүйелерге жүктеді.

Еркебұлан Баяхметов. Степногорск қаласының әкімі

- Барлық мерекелік шаралардың жақсы өтуін бақылауға алу керек. 8 наурызға арналған салтанатты жиынға дайындықты пысықтау қажет. Ал Наурыз мейрамын жоспарға сай ұйымдастырамыз деген ойдамын. Қала ішілік безендірулердің әдемілігін естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, кенттер мен ауыл әкімдері де бұл шараларды елді мекендерде жүргізу керек. – деп тапсырма берді шаһар басшысы.

Күн тәртібіне сай, жиын соңында биылғы жылы мемлекеттік сатып алуларға енгізілген өзгерістер бойынша да ақпараттар ұсынылып, ағымдағы сауалдар да назарға алынды.

#mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.
Инвестиции без порога входа.
RSS